Екібастұзда толық циклді электрометаллургиялық зауыттың құрылысы басталды

Екібастұзда толық циклді электрометаллургиялық зауыттың құрылысы басталды
Фото: Есенжол Исабек

Капсула салудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Отандық кәсіпорында рельсті бекіткіштерден бастап жолаушылар вагондарына дейін шығаратын болады.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзда зауытты іске қосу өңірдің орнықты өнеркәсіптік өсуінің жалғасы болып табылатынын атап өтті. Өңдеуші сектор соңғы алты жылда үштен біріне ұлғайған, ал өнеркәсіп онжылдықтардағы ең жоғары өсімді 6 пайызды құрады. 

– Екібастұз еліміздің ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналуда. Зауыт құрылысы – тиімді инвестициялық саясат пен инвесторлардың сенімінің үлгісі, – деді аймақ басшысы. 

Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған 2025 жыл осындай жобалардың іске қосылуына қосымша мән береді. Президент Тоқаев индустриялық инфрақұрылымды дамытудың, жұмыс орындарын құрудың және еңбекті экономикалық өсудің негізі ретінде танудың маңыздылығын атап өтті.

Холдинг төрағасы Сергей Павлингердің айтуынша, жаһандық саяси жағдайында жаңа зауыттың құрылысы Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық міндеттердің тікелей іске асуына айналуда.

– Осы кәсіпорынның іске қосылуымен біз өнеркәсіптік, экономикалық және теміржол қауіпсіздігіне қол жеткіземіз. Елді қажетті шикізатпен қамтамасыз етеміз және экспорттық позицияларды нығайтамыз. Міндет – қазақстандық өнімді толығымен жасау, – деп атап өтті спикер.

Жобаға инвестициялар 495 миллиард теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – үш жыл. Барлық негізгі дайындық жұмыстары аяқталды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жобаның жалпыұлттық маңызын айшықтады.

– Бұл – жай ғана корпоративтік бастама емес, еліміздің металлургия саласын дамытудың жаңа кезеңі. Зауыт ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие арнайы мақсаттағы жоғары сапалы төмен легирленген болат шығаратын болады, – деп еске салды министр.

Жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи роботтандырылған технологияларды енгізуді көздейді: өнімнің 60 пайызын ел ішінде сату, ал 40 пайызын ТМД мен Еуроодаққа экспорттау жоспарлануда.

Мыңнан астам жұмыс орнын құру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді.