Екібастұзда төрт шетелдік қоймада заңсыз жұмыс істеген

Екібастұзда төрт шетелдік қоймада заңсыз жұмыс істеген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған фактіге қатысты материал сотқа жолданды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтайды. Сондай-ақ іс-шара шеңберінде жалға берілетін пәтерлерді тексеруді жүзеге асырады, заңнаманың бұзылуын анықтау үшін базарлар мен құрылыс объектілерін тексереді. 

–  Екібастұз көші-қон қызметінің қызметкерлері Қонаев көшесіндегі қоймалардың бірінде шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметін тоқтатты. Полиция еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған төрт шетелдік азаматты анықтады. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуына қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға және тәртіпті бұзбауға шақырады.