Екібастұзда үй жанды (ВИДЕО)

Екібастұзда үй жанды (ВИДЕО)
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар  жоқ. Үй иелері далада болған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 101 пультіне 18 мамыр күні сағат 13:17-де Шахта стройтелей көшесі, 9 мекенжайы бойынша жеке тұрғын үй шатырының ағаш құрылымдары өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. 

–  Оқиға орнына дереу жеке құрамнан 12 қызметкер мен екі техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады, – деді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 13.50-де оқшауланып, сағат 14.17-де толығымен жойылды.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????????Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)