Екібастұзда әкімдік бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсағысы келген

Екібастұзда әкімдік бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсағысы келген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Прокуратура қаражаттың негізсіз жұмсалуының жолын кесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, мемлекеттік сатып алулар порталын мониторингтеу барысында қадағалаушы орган қала әкімдігі тарапынан 160 миллион теңгеге өндірістік база сатып алуға конкурс жарияланғанын анықтады. Алайда осы мақсатқа қаланың бекітілген бюджетінде небәрі 150 миллион теңге ғана көзделген.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізіліп, аталған сатып алу алынып тасталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарының бұзылуына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.