Павлодарда мәдени-сауық орталығы мен үйлерде уақытша су болмайды
Бүгін кешкі 10-ға дейін су жеткізу ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, бүгін, 4 сәуірде Катаев көшесі, 44-46/1 ауданында диаметрі 110 мм құбырда апат болды. Осыған байланысты Катаев көшесі, 44 (КДО), 44/1, 44/2, 46/1, 48 мекенжайлары бойынша уақытша су өшірілді.
Қазіргі уақытта «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкерлері осы желілердің кімнің иелігінде екенін анықтап, жер жұмыстарын жүргізуге келісім жүргізуде. Көрсетілген мекенжайлар бойынша бүгін кешкі 10-ға дейін су жеткізіледі.
⠀
⠀