Ербол Қайыров: Референдум – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматтың таңдауы
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы павлодарлықтарды дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ербол Қайыров 15 наурыз күні өтетін референдум әрбір ел азаматы үшін маңызды екенін атап өтті.
- Кең-байтақ даласы, бай тарихы, тату халқы бар қасиетті Отанымды шексіз сүйемін. Туған жердің әрбір тауы мен тасы – біз үшін қастерлі.Тәуелсіздік – халқымыздың ең қымбат құндылығы, ата-бабамыздың аманаты. Бүгін біз сол аманатты сақтап, ел болашағы үшін маңызды қадам алдында тұрмыз. 15 наурыз күні өтетін референдум – ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматтың таңдауы. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін, бірлігіміз бен тұрақтылығымыз үшін өз таңдауымызды жасайық. Болашағымыз өз қолымызда, - деп сөзін түйіндеді музей басшысы.
Сонымен қатар, ел үшін маңызды шараны Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұжымы да қолдайтынын жеткізген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram