Ертіс ауданында егіздер өз таңдауын жасады
Рустам мен Руслан айтулы күннің ел үшін маңызды екенін айтуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданының тұрғындары да референдум аясында өтіп жатқан республикалық сайлауға белсенді атсалысуда. Солардың бірі - егіз бауырлар Рустам мен Руслан.

– Біз референдумды және Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаймыз. Бұл - жай ғана дауыс беру емес, өз ұстанымымызды білдіріп, еліміздің болашағына үлес қосу мүмкіндігі. Ел азаматы ретінде тұрақтылықты, дамуды және жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді қолдаймыз. Бізге білім алуға, еңбек етуге, жоспар құрып, болашаққа сеніммен қарауға болатын елде өмір сүру маңызды. Өз елімізді жақсы көреміз және тұрақтылықты қалаймыз, - дейді бауырлар.
Егіздер әрбір дауыстың маңызды екеніне еске салады. Әрі саналы түрде жасалған таңдаудың ел болашағы айрықша рөл атқаратынын айтады.
Айта кетелік, облыстағы 500-ден астам учаскелік комиссияларда 1500-ден астам бақылаушы жұмыс істеуде.
Фото: Ертіс аудандық ішкі саясат бөлімінен.