«Ертіс орманы» өрт қауіпті маусымға дайындықты күшейтті
Өңірде орман өрттерінің алдын алу және жедел әрекет ету шаралары талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, жиын барысында филиалдар мен орманшылықтардың дайындығы, өртке қарсы техника мен жабдықтардың жағдайы, жеке құраммен қамтамасыз етілуі қаралды. Сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар мен жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігін күшейту және маусымға толық дайындықты қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берілді.
Мамандардың айтуынша, негізгі мақсат — ормандарды қорғау және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет ету.