«Ертіс орманында» көшеттерді сақтау мақсатында табиғи тоңазытқыштар жасалуда

Көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстарына дайындықтың алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи резерваттың орманшылары орман көшеттерін сақтау үшін қолайлы жағдай жасау – орманды молайтудың маңызды шарттарының бірі екенін айтады.
– Қазіргі уақытта ауа райының қолайлылығы мен қар қорының жеткілікті болуына байланысты орманшылар көшеттерді сақтау үшін қарды үлкен үйінділерге үйіп жатыр. Бұл әдіс олардың мерзімінен бұрын өсуін тоқтатып, кеуіп қалмауына көмектеседі, – деді резерватта.
2025 жылы резерват аумағында орманды қалпына келтіру жұмыстары 2114,5 гектар аумақта жоспарлануда: көктемде – 1614,5 гектар, күзде – 500,0 гектар.
Көшеттерді сақтау мақсатында 90 қар үйіндісі (табиғи тоңазытқыштар) жасалмақ.