Ертістің жағасында Отанымыздың Мемлекеттік Гимні салтанатты түрде шырқалды

Әнұранды ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жас сарбаз» және «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубтарының жас патриоттары орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінде бұл клубтар елге қызмет етуге ынталы, жанашыр жастарды біріктіретінін атап өтті. Ұйымның басты мақсаты – терең патриоттық сезімдерді, азаматтық жауапкершілікті, рухани-адамгершілік дамуды тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.
– Мемлекеттік Гимнді орындауға қатысқан «Жас сарбаз» және «Жас шекарашы» топтарының құрамында Жоғары инновациялық көпсалалы колледжінің және Павлодар жоғары политехникалық колледжінің студенттері болды. Тәрбиелік бағыттағы белсенді тәрбие жұмыстары үшін ұстаздар құрамына шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді бөлімде.
Айта кетейік, клубтарды ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының түлегі, аға лейтенант Жоламан Жұмаділов басқарады.