Ертістегі би «шайқасы»: Павлодарда бишілер баттлы өтті
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас таланттар бас қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ertis Promenade» сахнасында өткен халықаралық би чемпионатының ұйымдастырушысы «Danik Fantom» лақап атымен белгілі Данияр Әбішевтің сөзінше, қатысушылар еліміздің әр түрлі қалаларынан келген.
– Бишілер Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Семей, Астана, Алматы, Ақсу, Қарағанды, Шахтинск қалаларынан келді. Жүзге жуық адам өтініш берді. Төрт номинацияның әрқайсысына сегіз бишіден таңдадық: Hip-Hop Dancers, Hip-Hop Open, Al - Style Super Random, Best Den show, – деп атап өтті спикер.
Даниярдың айтуынша, бүгінде жастар хип-хоп, брейкданс, поппинг, трамп, хаус-би және тағы басқа стильдерге көп қызығушылық танытып жатыр.
Облыс орталығының бас сахнасында нағыз би шайқасы болды. Барлық қатысушылар сахнада тұрғанымен, екі бәсекелесетін бишілерді таңдап, ортасына шығарған . Тәжірибелі төрешілер оларды бірнеше критерий бойынша бағалаған: техника, стиль, шығармашылық және шеберлік.
Би сайсын тамашалап келген павлодарлықтар жас және талантты жастарға тамсанып, қол шапалақтап тұрды.
– Егер ұқсастық келтірсек, денеміз арқылы бәсекелеспен сөйлесеміз. Мен оған өмірімде болған қиын сәттерді би арқылы жеткіземін. Сөздердің орнына өз денемді пайдалнамын, – дейді Талдықорғаннан келген биші Дулат.
Дулаттың пікірінше, қарсыластардың назарын ұстап қалу үшін оның көзіне тіке қарау керек.
– Кәдімгі әңгіме кезінде адамға қарамасақ, бұл-құрметтемеушілікке жатады. Дәл солай би кезінде де, біз қарсыласты құрметтеуге тырысамыз, - дейді жас жігіт.
Бишілер бір-бірден ғана емес, топтық командамен бірге де өнер көрсетті.
Батл жеңімпаздары демеушілерден сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Фото: Константин Шелков