Ертең Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Ертең Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

18 ақпанда Павлодар облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Павлодар облысының оңтүстігінде бұрқасын болады деп болжануда. Сонымен қатар, оңтүстік-батыстан жел соғады, - делінген хабарламада.

Синоптиктер облыстың оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с жел болады деп күтілуде.

Жолда абай болуды ескертеді.