Павлодар облысындағы су тасқынынан келтірілген шығынды қалай өтеп алуға болады
Зардап шеккендер өтініш беруі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Су тасқынынан зардап шеккен сегіз облыстың елді мекендерінде азаматтардың материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істейді.
Өтініштер Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарының елді мекендерінде қабылданады. Қарағанды облысында залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады.
Материалдық шығынды өтеу туралы өтінішті төтенше жағдай туындаған күннен бастап 30 күн ішінде Павлодар, Успен, Қоңырөзек, Аққулы, Ақтоғай, Жалаулы, Железин және Шарбақты әкімдіктеріне жазу керек.
Зардап шеккендер материалдық көмек, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау шаралары түрінде мемлекеттік қолдау ала алады. Сонымен қатар, несиені кейін төлеу мүмкіндігі беріледі. Өтемақы кәсіпкерлерге, фермерлерге және опат болған жануарлардың иелеріне өтеледі.