«Ертіс орманы» демалушыларды қабылдауға дайын

«Ертіс орманы» демалушыларды қабылдауға дайын
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеше резерват туристік маусымға дайындық жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында туристік бағыттардағы орындарда сенбіліктер өткізіп, абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізілді. 

– Келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ табиғи ортаны бастапқы қалпында сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде «Ертіс орманы» — тек бірегей таспалы қарағайлы орман ғана емес, сонымен қатар экологиялық туризмді дамытуға, танымдық серуендер мен табиғат аясында демалуға арналған кеңістік, - дейді резерваттағылар. 

Орманшылар қала тұрғындары мен қонақтарын көркем соқпақтармен серуендеп, қарағайлы орманның таза ауасымен тыныстап, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігімен танысуға шақырады. Бұл - табиғаттың ғажайып әлеміне енуге таптырмас мүмкіндік.

Айта кетелік, резерватқа келу — бұл тек демалу ғана емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігін сезінудің бір жолы.