«Ертіс» ойыншылары Шымкентте жергілікті команда футболшыларынан асып түсті

«Ертіс» ойыншылары Шымкентте жергілікті команда футболшыларынан асып түсті
Фото: «Ертіс» футбол клубы

Алғашқы гол тек екінші таймда соғылды, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.

Шымкент қаласында бірінші лига чемпионатының 19-шы туры аясында «Ертіс» жергілікті «Оңтүстік Академиясы» ұжымымен шеберлік байқасты. Бұл ойында павлодарлықтар 0:1 есебімен жеңіске жетті.

«Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесудің алғашқы минуттарынан Ринат Алюетов шәкірттері басымдықты өз қолдарына алып, өткір шаубылдарды ұйымдастырды. Сондай сәттердің бірінде Еркебұлан Тұңғышбаевқа қарсы ойын тәртібі бұзылып, төреші 11-метрлік соққы тағайындайды. Алайда, Владислав Васильевке есепті ашу бұйырмады.

Алғашқы гол тек екінші таймда соғылды. «Павлодарлық джокерге» айналған Матвей Герасимов, алаңға қосыла сала қарсылас қақпасынан саңылау тауып, команданы алға жетелейді. Матчтың соңына дейін нәтиже өзгермей, «Ертіс» қиын ойында маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, жеңісті серияларын 6 матчқа дейін жеткізді.

Келесі кездесуді «Ертіс» Павлодар қаласында 29 тамыз күні «Тараз» клубына қарсы өткізеді.