HALYQ DAUYSY байқауының жүлдегері: Үйде ешкім ән айтпайды
Павлодарлық әнші Дания Қабидолла HALYQ DAUYSY байқауына өтінішті соңғы сәтте бергенін айтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
19 жастағы жас әнші бұған дейін Халықаралық «Золотой Восток», «Голос», «EртісStar» сынды сайыстарының жүлдегері және жеңімпазы.
– Төрт жасымнан бастап ән айтамын, алайда үйде ешкім ән салмайды. HALYQ DAUYSY байқауына қатысуым өте қызық болды. Бір жақын танысым осы байқау жайында жазды. Мен іріктеу кезеңінің соңғы күнінде өтініш қалдырдым. Осылайша финалға дейін шығып, жүлделі орын иегері атанамын деп ойламаған едім, – дейді Дания Қабидолла.
Оның басты арманы – жоғары оқу орнына түсіп, өзінің жеке әнін шығару, елге танымал тұлға болу. Бұл байқаудың жүлдегері атану әншіге жігер берген.
Еске сала кетейік, Дания Қабидолла HALYQ DAUYSY халықаралық музыкалық фестиваліне қатысып, 500 мың теңгелік серификаттың иегері атанды.
Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы