«Ыстық су қашан беріледі?»: Павлодар әкімі тұрғындарға жауап берді

Хасар Хабылбеков жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтардан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді.
– Бүгінгі күні 902 үйге ыстық су берілді. Қосылу кесте бойынша жүріп жатыр, 28 тамызға дейін барлық үйлер толық ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Коммуналдық қызметтерге екі апта ішінде барлық учаскелердегі қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауды тапсырдым. Мерзім сақталмаған жағдайда монополистерге әкімшілік шаралар қолданылатын болады. Жұмыстың сапасы мен мерзімі менің жеке бақылауымда, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде.
Хасар Хабылбеков айтуынша, сынақтар алдағы жылыту маусымын сенімді өткізу үшін қажет. Сонымен бірге ол абаттандыру жұмыстары тұрғындарға қолайсыздық тудырмау үшін жедел жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram