Кенжекөлде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары қабылдануда

Кенжекөлде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары қабылдануда

Жүзден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдары Кенжекөл кентінің тұрғындарымен бірлесіп, су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларымен айналысып жатыр. 

– Барлығы 100-ден астам адам жұмысқа тартылды. Аумақты су тасқынынан қорғау үшін үйіндіні нығайту, қапшықтарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізілуде,– деді департаментте.

Барлығы 91 тонна инертті материал әкелінді, 400 қап төселді және 250 қап инертті материал дайындалды.