Кубалық маман павлодарлық боксшылардың дайындығын талдайды

Кубалық маман павлодарлық боксшылардың дайындығын талдайды
Фото: Константин Музалевский

Сапар барысында ол ашық жаттығулар өткізіп, спортшылармен кездесіп, Екібастұзға барады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 3-7 наурыз аралығында Павлодар облысында Куба мемлекеттік университетінің бокстан жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі профессоры, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы Карлос Иван Фуэнтос жұмыс сапарымен жүр.

– Ол Қазақстан бокс федерациясының шақыруымен келіп, еліміздегі бокстың даму деңгейіне талдау жүргізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмыс істейді. Сапар бағдарламасында ашық жаттығулар өткізу, спортшылармен кездесулер ұйымдастыру, Екібастұзға сапар және Павлодар облысы боксшыларының жаттығу процесімен танысу жоспарланған, – деп хабарлады басқармада.

Сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшылардың жоғары нәтижеге жетуі үшін республикалық және облыстық федерациялармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті.