Көктемнің алғашқы күні Павлодар облысында аздаған қар жауады

Көктемнің алғашқы күні Павлодар облысында аздаған қар жауады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы нөл градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 1 наурызда түнде -4...-9 °C, ал күндіз 0...-5 °C болады. Облыстың солтүстігінде аздаған қар жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -7...-9°C, ал күндіз -2...-4°C-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді.