Павлодарда балалар бассейніне онлайн жазылуға болады

Павлодарда балалар бассейніне онлайн жазылуға болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

1 маусымнан бастап Орталық жағалаудағы балалар бассейні өз жұмысын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы маусымда келушілердің ыңғайлылығын арттыру мақсатында «Бассейн PVL» Telegram-боты іске қосылды. Енді тұрғындар онлайн тіркеліп, бассейнге жылдам әрі кезексіз жазыла алады.

Онлайн жазылу үшін Telegram-дағы «Бассейн PVL» ботына кіріңіз, қысқа тіркеуден өтіңіз, нұсқауларға сәйкес өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз. Тіркелген адам келмеген жағдайда ғана қалыпты кезекпен өтуге мүмкіндік беріледі. Бассейнге алдымен Telegram-бот арқылы жазылғандарға басымдық беріледі, – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, алдын ала тіркеу бассейнге баруды жайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында енгізілген.

Егер боттың жұмысы немесе жазылу тәртібі бойынша сұрақтар туындаса, тұрғындар әкімдікке direct арқылы хабарласа алады.