Ленин кентінде ыстан уланған отбасының жағдайы анықталды
Барлық емдік-диагностикалық шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық балалар ауруханасы баспасөз хатшысы Камила Дайырованың айтуынша, 24 қыркүйек күні сағат 18.54-те 2010 және 2008 жылғы балалар жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
– Нағашысының айтуынша, отбасы пешпен жылытылатын үйде тұрады. Анасы пеш жаққан. Олар ұйықтап жатқан кезде үйдің ішін түтін басқан. Анасы мен екі баласы ұйықтап жатқан, ал таңертең оянбаған. Сағат 15.00-де туысы келіп, балалар мен анасын оятқан. Балалар оянған кезде жүректері айнып, әлсіздік байқалған, – деді Камира Дайырова.
Кезекші дәрігер қарап шыққаннан кейін «Көмірқышқыл газының уытты әсері» диагнозы қойылды.
Ауруханаға жүгінген кезде көміртегі тотығымен улану салдарынан ауырлығы орташа дәрежеде болған. Балаларды қарайтын жалғыз адам – анасы № 1 қалалық ауруханаға жатқызылғандықтан, балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылады.
Еске сала кетейік, үш адам пешті жаққаннан кейін жану өнімдерінен уланған. Хабарлама өткен жексенбіде сағат 17:58-де түскеннен кейін дәрігерлер алты минутта мекенжайда болған.