Илья Ильин Екібастұздың жас спортшыларына шеберлік сабақ өткізді

Илья Ильин Екібастұздың жас спортшыларына шеберлік сабақ өткізді
Фото: prosportkz.kz

Қала мектебінің біріндегі ауыр атлетика залына спортшының есімі берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлемнің төрт дүркін чемпионы, белгілі зілтемірші, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Илья Ильин тұңғыш рет Екібастұз қаласына ат басын тіреді. 

«Жасыбай» БЖСМ-дағы ауыр атлетика залы Илья Ильиннің есімімен аталды.

– Залды менің жетістіктерімнің құрметіне қойғанына өте қуаныштымын. Балалар тәрбиелі, ақылды, дені сау болып өссін, ал одан кейін олимпиада чемпионы мен әлемдік деңгейдегі жүлдегерлері атансын, – деді Илья Ильин.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Жасыбай» БЖСМ жергілікті спортшылар мен Илья Ильиннің кездесуін ұйымдастырды. Әйгілі спортшы ауыр атлетика секциясы тәрбиеленушілерінің жаттығуына қатысып, жас спортшыларға арнайы шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ бұқаралық спортты насихаттау мақсатында флешмоб өткізілді.

Салтанатты шарада танымал спортшы жанкүйерлерімен тәжірибе бөлісіп, еркін форматта сұхбат жүргізді.