Майданға шұлықтар тоқыған: Успен ауданының тұрғыны 100-ге толды
Успен ауданының тумасы, тыл еңбеккері Қорлығайым Құсайынқызы Лозовое ауылында тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов Успен ауданындағы жұмыс сапары барысында аудан тұрғыны Қорлығайым Ахтамберованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек еткен - мал баққан, майданға деп жылы күртешелер тігіп, мойынорағыштар мен шұлықтар тоқыған. Бейбіт кезеңде тың және тыңайған жерлерді игеруге атсалысып, дүниеге тоғыз бала әкелді.
Ғасырлық мерейтойын атап өткен ардагер өзінің туған ауылы үшін қуанышын білдіріп, оның тағдырына алаңдайтынын жеткізді. Қорлығайым Ахтамберова саясат пен экономикаға қызығушылық танытады. Күн сайын баспасөз бен кітаптар оқиды.
– Әңгіме барысында ауданды одан әрі абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жұмысы және басқа да мәселелерді талқыладым. Өңір ауылдарын одан әрі дамыту, оған жастарды тарту және тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құру үшін барлық күш-жігерді салу қажет деген талап қойды, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Облыс әкімі ардагердің талабы қабылданғанын және орындалатынын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram