Майқайың тұрғыны облыс әкіміне бюджеттің тиімсіз пайдалануына шағымданды

Майқайың тұрғыны облыс әкіміне бюджеттің тиімсіз пайдалануына шағымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аймақ басшысы мәселені бақылауға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәліметінше, Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Майқайың кентінің тұрғыны жергілікті әкімдіктің миллиондаған қаражатқа музыкалық жабдық сатып алғалы отырғанына шағымданды.

Бұл мәселе бойынша аймақ басшысы бюджет қаражатын майқайыңдықтар үшін қажетті басқа да жобаларға пайдалануды қарастыруды тапсырды. 

– Қаражатты тиімді пайдаланған кезде халықтың сенімі артады, ал сіздер жергілікті тұрғындардың пікірін ескермегенсіздер. Адамдарды тыңдап, олардың мәселелерін шешіңіздер, – деді облыс әкімі.

Қабылдау барысында айтылған барлық мәселелерді әкім бақылауға алды. Қосымша пысықтауды талап ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.