Мыңнан астам павлодарлық кәсіпкерлер мемлекет қолдауына ие болды
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы несиелерді кепілдендіру және субсидиялауды жүзеге асырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Даму» қоры облыстық филиалының директоры Рүстем Қасымов айтып өткендей, қор микро-, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды мақсат етеді. Мысалы, соңғы жыл ішінде 1117 бизнес-жобалар қолдауға ие болған. 2023 жылдың басынан жалпы сомасы 11 млрд теңгелік 132 жобаға қолдау көрсетілді.
Олардың көбі өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қойма, сондай-ақ сауда салаларына қатысты жобалар.
Сондай кәсіпорындардың бірі – «Тави Павлодар» ЖШС. Сауда-өндірістік холдингі Қазақстаннан бөлек, өзге елдерге де танымал сауда маркасы. Tavi сауда маркасымен жоғары сапалы матрацтар, синтетикалық толтырғыштар, жұмсақ жиһазға арналған өнімдер және Қазақстан мен шетелдің жиһаз өнеркәсібіне арналған жиынтықтауыштарды сатуда көшбасшы болып табылады. Компания озық технологиялармен жұмыс істейді және компанияның өндірісі мен қызметіне жаңашылдықтар енгізеді.
- 2022 жылы кәсіпорын көбік резеңке өндірісін бастады. Өндірісті іске қосуға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» МК шеңберінде қаражат алдық. Сондай-ақ, 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржылық айналымдыларды толықтыруға несие алдық, - дейді фирма директоры Дмитрий Барбашов.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудан басқа, компания «Даму» қорынан несие бойынша ішінара кепілдік түрінде қолдау алды. «Даму» Қорының кепілдік мөлшері 200 млн теңгені құрады немесе несие сомасының 50%.
«Даму» қорының қолдауын «Ремонт животных» ЖШС де алды. Бұрын ветеринариялық клиника ғимаратты жалға алса, бүгінде клиника ғимаратын сатып алды. Компания директоры Анна Бахарева айтып өткендей, сегіз жыл ішінде ветеринарлық қызметтердің кең спектрін ұсынатын жоғары білікті мамандар тобы жиналды.
- Біз мұнда тұрақты клиентпіз, жоспарлы тексеріске келіп отырамыз, - дейді Вася атты мысық иесі Татьяна Бейфус. – Дәрігерлер кішіпейіл. Барлығын толық түсіндіріп, жануарларға барынша көмек көрсетуге тырысады.
Ветеринариялық орталық «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сатып алынды, оның шеңберінде субсидиялар есебінен несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 8%-ға дейін арзандатылды.
Мемлекет қолдауы мен «Даму» қорының көмегі жас кәсіпкер Мадина Әжмұратоваға өмірін 180 градусқа өзгертіп, өз ісін бастауға жол ашты. Ол бала күнгі арманы – «Muse» керамика шеберханасын ашты. Ол әртүрлі оқу бағдарламалары бар балалар мен ересектерге арналған шеберлік сыныптарын ұйымдастыру қызметтерін ұсынады.
Осылайша, аймақ тұрғындары мен қонақтарына ата-баба мәдениетін білуге және өз қолдарымен керамикалық бұйымдар жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кез келген адам мұнда қалаған керамикалық бұйымын тапсырыс жасап ала алады.
Жас кәсіпкерге мемлекеттік қолдау және «Даму» қоры шеберхананы іске қосуға көмектесті. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылы «Muse» ЖК жабдық сатып алуға қаражат алды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме жылдық 21% -ды құрады.
Фото: автор