Павлодарда өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне үш ауданнан өнімдер әкелінеді
Олар арзандатылған бағамен тауарларын сатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, 11 мамырда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласы сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.