Павлодар құтқарушылары қала тұрғынына көмек көрсетті
Ер адам кенеттен құлап қалып, есікті өздігінен ашуға шамасы келмей жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оқиға 15 мамыр күні Бектұров көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерде орын алып, 112 құтқару қызметіне хабарлама түскен.
– Шақыртуға құтқарушылар жедел түрде аттанды. Туыстары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып, пәтердің есігін ашты, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Оқиға орнында күтіп тұрған медицина қызметкерлері ер адамды бірден қарап, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізді. Жедел қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында қала тұрғынына қауіп төнген жоқ.