Павлодар әкімі қалалық жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Қазіргі кезде 14 учаскеде жұмыстар толығымен аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, жөндеу жұмыстары Қамзин-Ломов көшелерінің бір бөлігінде және теміржол вокзалының маңында жалғасып жатыр. Онда жұмысқа 5 бригада жұмылдырылған.
Қала әкімі ыстық асфальт бетонмен негізгі жұмыстар күн жылынғанда басталатынын қайталап өтті.