Павлодар әкімі екі ауыл мен қалада су тасқынына дайындықты тексерді

Павлодар әкімі екі ауыл мен қалада су тасқынына дайындықты тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Басты міндет – су басу қаупі бар учаскелерден қарды уақтылы шығару болып қала береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін Хасар Хабылбеков аталмыш мәселемен Атамекен кентін, Кенжекөл ауылын және облыс орталығының жеке секторын барлап шықты.

– Атамекенде су басудың алдын алу үшін күзде бөгет нығайтылып, оның ұзындығы 800 метрге дейін ұлғайтылды. Кенжекөлде күшейтілген бөгеттің ұзындығы 2,6 шақырымға дейін жеткізілді.

Зеленстрой және 2-ші Павлодар шағын аудандарында дренаж жүйесі ретке келтіріліп, сорғы жабдықтарына тексеру жүргізілді, – деп мәлімдеді шаһар басшысы өзінің Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Зеленстрой және Лесозавод аумақтары қардан толық тазартылды. Қазіргі уақытта жұмыстар 2-ші Павлодар мен МДС ауданында жүргізілуде. Қар тазалау жұмыстарына 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Су тасқынына дайындық мәселесі облыс әкімінің бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)