Павлодар алюминийі көбінесе Әзербайжанда сұранысқа ие
Қазақстандағы алюминийдің жалғыз отандық өндірушісі «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың төрт айында алюминий экспортының көлемі заттай көріністе 4,7 есе – (16-дан 75,4 мың тоннаға дейін) ұлғайған.
Өнімге сұраныс Әзербайжан тарапынан сегіз есе (5,5-тен 43,1 мың тоннаға дейін), Өзбекстан тарапынан 10,5 есе (0,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін) өскен. Сондай-ақ Беларусь, Болгария, Италия, Польша елдеріне жеткізіледі.
Айта кетерлігі, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ отандық металлургияның флагманы болып есептеледі және дүниежүзіндегі осындай 200 алюминий алпауыты арасындағы үздік ондыққа кіреді.