Павлодар ауданында сүт өндірісінің көлемі артты
Сүт облыс бойынша өңдеу пункттеріне жеткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2022 жылы 52 103 тонна сүт өндірілді. 2023 жылы көрсеткіш 64 960,3 тоннаны немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 124,7% құрады.
– Бүгінде өндірілген сүт көлемі 24,7%-ға немесе 12 857,3 тоннаға артты. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда 22 286 бас сиыр бар. 2022 жылы сиырлардың саны 20 638 бас болған, бұл – ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8% артық, – дейді бөлімде.
Сүт өндірісі көлемінің артуына асыл тұқымды сиырлардың көбеюі, жем-шөпті дұрыс дайындау, сондай-ақ жануарларды ұстау жағдайлары әсер еткен.
2022 жылы Кеңес ауылдық округінде 1200 бас ірі қара малға арналған «Agro-Trade PV» ЖШС іске қосылған. 2022 жылы Даниядан 476 голштино-фриз тұқымды ірі қара мал, 2023 жылы Венгриядан 940 бас ірі қара мал әкелінді.
Еске сала кетейік, Аққулы ауданының Жаңатаң ауылының тұрғыны сүт өнімдерін шығаратын шағын цех ашуды жоспарлап отыр.