Павлодар ауданының механизаторы мемлекеттік награда алды
Ол елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды. Атап айтқанда, бір адам – «Парасат» орденінің кавалері, саланың 6 өкілі «Құрмет» орденінің иегері атанды.
II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 1 азамат, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 10 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 6 еңбеккер марапатталды.
Сондай-ақ бүгінгі іс-шарада «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет тапсырылды.
Айта кетейік, Павлодар ауданының тумасы «Скугаревых» ШҚ механизаторы Евгений Скугарев ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.