Павлодар ауданының тұрғындары қызғылт көлді қорғауды сұрады

Павлодар ауданының тұрғындары қызғылт көлді қорғауды сұрады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кемеңгер ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким ауыл жастарымен кездесті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының  мәліметінше, «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінде өткен іс-шара барысында ауылдық аумақтарды дамыту, спорт, экология және білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар Павлодар Ертіс-Баян өңірінің экологиясы мәселесін көтерді. Олар  өнеркәсіптік кәсіпорындардың әрекеттері мен ресурстарды тиімсіз пайдалану салдарынан аймақтың табиғи байлығына қауіп төніп тұрғанына алаңдаушылық білдірді. 

– Атап айтқанда, бірегей табиғи орын және туристік тартымдылық болып табылатын қызғылт көлдің жағдайына қатысты мәселені қозғап, экологиялық мәселені мәжіліс деңгейінде қарауды және көлді қорғау және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды ұсынды, – дейді филиалда. 

Вера Ким кездесудің мақсаты ауылда тұратын және жұмыс істейтін жастардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар мен Мәжіліс деңгейінде қандай заңнамалық бастамаларды әзірлеу қажеттігі туралы пікірлерді тыңдау екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова спорт саласын дамыту мәселесін көтерді. 

– Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аяқтағаннан кейін жоғары спорттық оқу орындарында немесе олимпиадалық мектептерде мансабын жалғастыра алмайды. Яғни, жас спортшылардың болашағы жоқ, – дейді ол.

Сондай-ақ атқарушы хатшы жаттықтырушыларға 18 жастан асқан адамдармен жұмыс істеуге және мекемелерді балалар, жасөспірімдер және жастар орталықтарына қайта  бейімдеуге мүмкіндік беру үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова, партия Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыздықов, студенттер, белсенділер, ардагерлер және басқалар қатысты.