Павлодар ауылы маңындағы қоқыс үйіндісінен жиналған флуоресцентті шамдар кәдеге жаратылмақ
Экологтар тексеру жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы экология департаментінің мәлімдеуінше, 27 сәуір күні Павлодар ауылының әкімдігі ауылдың рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінен табылған шамдарды жинауды ұйымдастырған. Олар әрі қарай кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымға беріледі.
"Павлодар тұрғындарының өтініші экология департаментінде тіркелді. Бұдан басқа, осы мәселе бойынша полиция басқармасынан келіп түскен материалдар зерделенуде. Кәсіпкерлік кодексінің талабына сәйкес 28 сәуірде материалдар ҚР Павлодар облысы бойынша Бас прокуратурасының ҚСЖА мен СУ-да жоспардан тыс тексеруді тіркеуге жіберілетін болады", - делінген хабарламада.
Департамент тексеру нәтижелері кейінірек хабарлауға уәде берді.