«Pavlodar» басты қарсыласын ұтты
Павлодарда волейболдан ерлер командалары арасындағы Ұлттық лиганың екінші туры басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алғашқы ойында павлодарлықтар қазіргі ел чемпионы «Таразбен» кездесті. Өткен маусымда бұл командалар арасындағы текетірес чемпионаттың алтын жүлделерінің тағдырын шешті. Наурызда Павлодарда жамбылдықтар чемпиондық титулды алаң иелерінің қолынан жұлып алған болатын.
Бұл жолы жеңіс павлодарлықтардың еншісінде қалды. Қорытынды есеп 3:0 болғанымен, кездесу тартысты өтті. Бірінші сетте алаң иелері жетті, алайда екінші сеттің басы павлодарлықтар үшін ойдағыдай шықпады. Бірақ павлодарлық команданың ойыншылары тез арады ес жия білді: екінші және үшінші сеттер алаң қожайындары пайдасына аяқталды: 27:25, 31:29. Бұл «Баянтау» спорт кешенінің мінберлерін толтырған жанкүйерлерін қуантқан жеңіс болды.
20 желтоқсанда павлодарлық команда Алматының «Буревестник» командасымен ойнайды, 18.30-да басталады. Екінші тур ойындары 27 желтоқсанға дейін жалғасады. Барлық кездесулер «Баянтау» спорт кешенінде өтеді.