Павлодар «Достық үйі» жаңа туристік бағытқа енгізілді

Павлодар «Достық үйі» жаңа туристік бағытқа енгізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туризмнің дамуына ықпал етіп қана қоймай, аймақтағы этносаралық келісімді нығайтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«5 жұлдыз» туристік компаниясының басшысы Сәуле Арғынова мен «Қоғамдық келісім» басшысы Нұрия Кубенова кездесті. Келіссөздер барысында тараптар «Достық үйін» өңірдің туристік бағыттарына интеграциялау, мәдени-танымдық туризмді дамыту перспективалары, қала қонақтарына арналған экскурсиялық бағдарламаларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Аталған шешімнің нәтижесінде Павлодар қонақтары жергілікті мәдени мұрамен тереңірек таныса алады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Павлодар «Достық үйі» «Павлодар — Ертістегі қала» турының бір бөлігі болды. 

Павлодарда облыстық «Достық үйі» мәдени-сауық орталығы 2008 жылғы 30 қыркүйек күні ашылған. Ол қаланың сәулеттік келбетін көріктендірумен бірге жұрт тамашалап, сүйсінетін ғимаратқа айналды. 5800 шаршы метр ауданы бар төрт қабатты ғимаратта Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, 24 облыстық этномәдени бірлестіктің, облыс ҚХА жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің кеңселері, Қанат Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі, «Достық үйінің» әкімшілігі орналасқан.

Сондай-ақ конференц-зал мен мәжіліс залы, дайындық жасау және хореографиялық залдар, мультимедиялық, компьютерлік және оқу сыныптары, медиа қамту бөлімі, ұлттық әдебиет кітапханасы мен мұражайы бар.