Павлодар кәсіпкерлеріне Ресей нарығына шығу жолдары түсіндіріледі

Павлодар кәсіпкерлеріне Ресей нарығына шығу жолдары түсіндіріледі
Фото: pexels.com / Dextar Studio ™

Кездесуде өнімді өткізу, сертификаттау және серіктестер іздеу мәселелері талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметінше, 27 тамызда сағат 11:00-де павлодарлық кәсіпкерлер «Қазақстан» Сауда үйі жобасының өкілдерімен кездеседі. Жоба қазақстандық өнімдерді Ресей нарығында ілгерілетуге бағытталған.

Кәсіпкерлерге Ресей нарығына шығу, логистикалық, құқықтық және кедендік сүйемелдеу, өнімді сертификаттау, тауарларды өткізу және ресейлік серіктестер мен сауда желілерін іздеу мүмкіндіктері таныстырылады.

«Қазақстан» Сауда үйінің өкілдері кездесуге онлайн қатысады. Кәсіпкерлер Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 316-кабинетке келіп қатыса алады.

Онлайн қосылу сілтемесін 8 701 208 44 13 нөмірі арқылы алуға болады. Қатысу үшін аты-жөнін, лауазымын және кәсіпорын атауын хабарлау қажет.

Қосымша ақпаратты 8 701 208 44 13 телефоны немесе 323352@mail.ru электрондық поштасы арқылы алуға болады.