Павлодар колледждерінің кешенді жабдықталуына «Қазақстан алюминийі» АҚ ықпал етуде

Павлодар колледждерінің кешенді жабдықталуына «Қазақстан алюминийі» АҚ ықпал етуде
Фото Константин Шелков

Бас серіктестің қолдауымен бейінді оқу орындары заманауи жабдықтармен толығуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түсті металлургия жоғары колледжі мен Павлодар монтаж колледжі жаңа дәнекерлеу үстелдері мен білдектерді Еуразиялық топ пен Павлодар облысы әкімдігінің өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жыл сайынғы меморандумы шеңберінде сатып алды. Бұл жабдықтардың барлығы студенттерге практикалық дағдыларды игеруге және жұмысқа орналасу кезінде өз кәсібін барынша меңгеруге мүмкіндік береді. Олардың оқу кезінде жинаған тәжірибесі болашақта әсіресе, өндірісте пайдалы болмақ.

– Бір кездері біз токарлық шеберханаға арналған шағын дайындамаларды ғана пайдаландық. Бірақ ол бізге токарлық өңдеу бағдарламасын кеңінен үйренуге мүмкіндік бермеді, – деп еске алады түсті металлургия жоғары колледжінің өндірістік оқыту мастері Евгений Кригер. - Енді сатып алынған металл кесетін таспалы-тілгіш білдек арқылы көп дүние жасауға болады. Жаңа құрылғы диаметрі 225 мм-ге дейінгі дайындамаларды кесуге мүмкіндік береді.

Мастердің айтуынша, білдек барынша қауіпсіз. Мәселен, мұндағы қорғаныс механизмдері оны іске қосуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, араны ауыстырған кезді айтуға болады. Бұл жағдайда құрылғыны басқару оңай, және оны қысқа мерзімде оқып, үйреніп алуға мүмкіндік бар.

Тағы бір жағымды жаңалықпен жоғары санатты шебер Серік Ибраев бөлісті. Айтуынша, колледждегі ескірген конструкциядағы дәнекерлеу үстелдерінің орнын жаңасы алмастырған. Оның артықшылығы сорғышпен, жарықтандырумен, күлмен және үрлеуге арналған біріктірілген компрессормен жабдықталған. Енді болашақ дәнекерлеушілер жайлылықта, жаңаша білім ала алады.

- 220 және 380V желілік байланысы бар дәнекерлеу жабдығының бүйірлік қорғаныс экрандары бар. Үстелдер барлық қауіпсіздік ережелеріне негізделген, – дейді шебер.

Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Азамат Мускенов колледж студенттеріне ERG кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, өзін еңбекте жақсы көрсете білген студенттер кепілді жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ.

Технологияларға қол жеткізу өндірістің өзекті талаптарына дайындалып қана қоймайды, сонымен қатар, тапсырмаларды орындау кезінде техникалық ойлауды дамытуға ықпал етеді. Павлодар монтаж колледжінде бұл үшін құрал-саймандар жеткілікті.

- Дәнекерлеу полигонында студенттер өндірістік оқытудан өтеді. «Қазақстан алюминийі» АҚ мен ERG қолдауының арқасында біз дәнекерлеудің жартылай автоматтарын, плазморездерді, оттегімен кесу бекеттерін сатып алдық. Бұл бізге еңбек нарығында сұранысқа ие әрі облыстық деңгейде өтетін түрлі байқауларда жақсы нәтиже көрсететін білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді, – дейді оқыту өндірісінің мастері Юрий Тутаев.

Павлодар монтаж колледжі басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Нұрмадиева материалдық-техникалық база жыл сайын «Қазақстан алюминийі» АҚ әлеуметтік серіктесімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде толығып отыратынын айтты.

Осы оқу жылында сыныптарға дәнекерлеу полигонының жабдықтарынан бөлек, колледж студенттеріне арналған арнайы киім мен ыңғайлы жиһаз сатып алынды. Сондай-ақ, ол информатика кабинетін дипломдық жобалауға арналған компьютерлермен толық жабдықтаса, болашақ электромонтерлерді құрал-саймандармен және шығын материалдарымен қамтамасыз етті.

– Әр студент тапсырманы жеке орындай алады. Электр қалқандарының әр түрін жинап, бөлшектейді, - дейді спикер. – Атап өтерлігі, үздік үш студент Франция, Германия және Қытайға тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берген компанияның стипендиаттары атанды. Менің ойымша, «Қазақстан алюминийі» АҚ техникалық колледждердің жұмысшы кадрларына қолдау көрсетуі арқылы дұрыс таңдау жасап отыр.

Осындай орасан зор қолдаудың арқасында қос колледждің студенттері ERG кәсіпорындарында кәсіби мансаптық перспективаны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, білім беруді тәжірибеде қоланып, саланың дамуына өз үлестерін қосып, білім нарығындағы Алма-матер беделін нығайтып әрі тәжірибе жасап, жаңа тәсілдерді табуға жол ашары анық.