Павлодар облысының бір департаментінде жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының бір департаментінде жаңа басшы тағайындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа басшы бұл қызметке дейін Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс активіне ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлы таныстырылды. 

Мұрат Қожамқұлов 1975 жылы туған, жоғары білімді.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған. 2003 жылдан 2013 жылға дейін ішкі істер министрлігінде әртүрлі лауазымдарда, 2013 жылдан бастап Бас прокуратура жүйесінде қызмет атқарды. 

2019 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Фото: Валерий Бугаев