Павлодар мен ақсулық оқушылар екінші ауысымда үйде қалады
Оған қолайсыз ауа райы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалардағы білім беру бөлімі мәлімдеді.
- Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 наурызда екінші ауысымда оқитын 0-4-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.
Осыған орай Ақсу қаласында оқушыларды мектепке тасымалдау тоқтатылды.