Павлодар облысы жиһаздың ең арзан бағалары бойынша үштікке енді

Павлодар облысы жиһаздың ең арзан бағалары бойынша үштікке енді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл қаңтарда жиһаз және тұрмыстық заттар бір жылда 11,8% қымбаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлер бойынша жиһаз және тұрмыстық заттар бағасының өсуін Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындары қатты сезінді. 

– Бағаның ең аз жылдық өсімі Жамбыл –2,1%, Павлодар – 3,1% және Ақтөбе –3,4% облыстарында байқалды,– дейді сарапшылар. 

Өңірлер бойынша ең көп жиһаз дәстүрлі түрде Алматыда шығарылды: 22,8 млрд теңге. Металл қаңқасы бар отыратын жиһаз өндірісі 87,7 мың өнімге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,3% артық. Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 14,4%, 15,1 мың бұйымға, ас үй жиһазы – 40,3%, 9,1 мың бұйымға, төсек пен шкафтан басқа ағаштан жасалған жатын жиһазы– 44,1%, 3,2 мың бұйымға дейін өсті.