Павлодар облысына шыбын-шіркейге қарсы препараттың екінші партиясы жеткізілді
Көлемі – 40 тонна, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жер қойнауын пайдалану басқармасының мамандары мен мердігер ұйымның өкілдері жүкті қабылдады. Препарат облыс орталығында орналасқан «Реактив» ЖШС мамандандырылған қоймасында сақталады.
– Жақын арада аймаққа биологиялық препараттың қалған бөлігі, сондай-ақ күнделікті тосқауылдық өңдеуге арналған химиялық препарат жеткізіледі, – деді басқармада.
Бүгінгі таңда көктемгі-жазғы дезинсекциялық жұмыстарға ауқымды дайындық жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі Асайын Байхановтың бақылауымен шыбын-шіркейге қарсы препараттың бірінші партиясы жеткізілген болатын. Қоймаға 60 мың тонна препарат түсті. Өңірде барлығы төрт ауданның 59 елді мекенінде тосқауылдық дезинсекция жүргізу жоспарлануда.