Павлодар облысынан Омбыға апаратын нашар жол жөнделді

Жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары екі айда аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Цифрлық теңге» пилоттық жобасы негізінде жалпы ұзындығы 383-390 шақырым аралығындағы жеті шақырымдық учаске «РФ шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай» автожолын орташа жөндеу жобасын іске асыру бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «Павлодаржолдары» ЖШС мердігерлік ұйымымен шарт жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау мерзімі жұмыстарды жүргізу басталған күннен бастап екі айды құрайды. Нысан ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Аталған автожол I техникалық санатқа жатады. Бұл учаскеде соңғы жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген болатын.
Шарт бойынша қолданыстағы асфальтбетон жабынын фрезерлеу – 128 800 м2, асфальтбетон жабынының жаңа жоғарғы қабатын орнату - 128 800 м2, фрезерленген материалмен жол жиектерін нығайту – 35 000 м2, жол таңбасын қолдану 14 шақырымда жұмыс түрлері орындалды.
Техникалық сипаттамаға сәйкес барлық орындалған жұмыс көлемі «eQurylys» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, жобаның жүзеге асырылу барысына толық ашықтық пен цифрлық бақылау қамтамасыз етілді.
Жоба аясында барлық жұмыстар сәтті аяқталып, жол пайдалануға берілді. Оның жүзеге асырылуы жол инфрақұрылымының нормативтік жағдайын сақтауға, сондай-ақ жол пайдаланушыларға қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Еске сала кетейік, биыл бюджеттің әртүрлі деңгейінен 25 миллиард 4 миллион теңге сомасына ұзындығы 409 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін қайта жаңарту мен жөндеу бойынша 106 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында Асайын Байханов республикалық маңызы бар «Атамекен-Ертіс-Русская Поляна» және «Павлодар-Омбы-Майқапшағай» жолдары жылдан жылға нашарлап баратынын атап өтті. Сол кезде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ермұрат Нұрханов нашар жолдардың мәселесі бақылауда екенін мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram