Павлодар облысынан тағы бір спортшы қысқы Олимпиадаға қатысады

Павлодар облысынан тағы бір спортшы қысқы Олимпиадаға қатысады

Шаңғышы Италияға аттанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20-26 желтоқсан аралығында Щучинск қаласының Олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысынан ҚР Кубогы өтті. Оған Павлодар облысының ЖСШМ өкілдері қатысты.

Шаңғы жарысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дарья Ряжко үш медаль жеңіп алды. Жеке спринтте үшінші, 30 км классикалық жүріспен жаппай стартта екінші және 10 км еркін жүріспен жеке жарыста үшінші орынға ие болды.

Жарыс нәтижелері бойынша Дарья іріктеуден сәтті өтіп, 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында Италия елінде Милан мен Кортина-Д ‘Ампезцодада өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, қыркүйекте Щучинск қаласында FIS шаңғы-роллер бойынша Азия кубогында Дарья Ряжко әйелдер арасында 16 шақырым және ерлер арасында 20 шақырым қашықтыққа классикалық стильдегі масс-стартқа қатысып, қарсыластарының арасында ең мықты спортшы атанды. 

Облыстан үш спортшы қысқы Олимпиадаға қатысу үшін үміткерлік мәртебеге ие болды. Күні кеше ғана павлодарлық Арина Ильященко конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасына кірді. Ол да XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.