Павлодар облысында үш адам қар құрсауынан құтқарылды
 
                                    Оларға медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауылынан 15 шақырым жерде қар құрсауында қалған үш азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болған.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, адамдарды Аққулы ауылына аман-есен жеткізді.
Төтеншеліктер азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
    
 
         
         
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
