Павлодар облысында ұсақ бұзақылықтың көп таралған түрі - балағаттау
Облыста жыл басынан бері ұсақ бұзақылық үшін мыңнан астам адам ұсталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыстың 1154 тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәртіп бұзушылықтар бейнежазба камераларына түсіп қалып жатады.
– Олар темекі шегіп, темекі қалдығын жерге тастайды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді департаментте.
Ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі - балағат сөздер айту, адамдарды қорлау, қоғамдық орындарды ластау.
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойыншаПавлодар облысында ұсақ бұзақылық жасаған мыңнан астам адам ұсталды