Павлодар облысында 4 тамызда жаңбыр жауады
Өңірдің батыс бөлігінде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 4 тамыз күні күндіз +27+32 °C ыстық тұрады. Облыстың көп бөлігінде жаңбыр жауады деп болжануда.
Павлодарда күндіз ауа температурасы +27+32 °C дейін көтеріледі. Жаңбыр құйып, көшпелі бұлт болады.