Павлодар облысында ақпан айында жел мен боран жиі соғады
Айдың басында өңірде жаңбыр, ылғалды қар күтіледі, ал бірінші онкүндіктің ортасында көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, ақпанда ауаның орташа температурасы нормаға жақын -12,4...16,1 градусты көрсетеді ( норма -11,9...15,9 градус).
Ақпан айының бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде-13...-18°С көрсетсе, күндіз -0,-5°С-тан -3...+2°С-қа дейін жылу күндер күтіледі. Содан кейін облыста ауа райының күрт суытуы байқалады: түнде -22...-27°С, солтүстікте -30°С дейін төмендейді, ал күндіз -15...-20°С болады деп болжануда.
Үшінші онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -22...-27°С дейін төмендеп, күндіз-11...-16°С көрсетеді. Облыстың солтүстігінде -20°С дейін болады.
Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес күтіледі (норма 10-15 мм). Қардың түсуі айдың екінші және үшінші онкүндіктерде болжанады.
Фото: Константин Шелков