Павлодар облысында алимент төлейтіндер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке болатын жерлердің тізімі белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық әділет департаментінің хабарлауынша, мемлекет алдында борыштары бар азаматтар үшін 16 қазанда сағат 11:00-де бос орындар жәрмеңкесі келесі мекенжайлар бойынша өткізіледі:
Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 53 мекенжайында пробация қызметінде;
Екібасттұз қаласы, Әуезов көшесі, 147 «Maxi mall» сауда орталығында;
Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21/А халықты жұмыспен қамту орталығында;
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында, Абай көшесі, 79;
Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылында, Сәтбаев көшесі, 27;
Железин ауданы, Железинка ауылында, Сәтбаев көшесі, 9;
Ертіс ауданы, Ертіс ауылында, Бөгенбай көшесі, 97;
Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылында, Елгин көшесі, 128;
Аққулы ауданы, Аққулы ауылында, Баймолдин көшесі, 6;
Май ауданы, Көктөбе ауылында, Қазыбек би көшесі, 24;
Павлодар ауданы, Шақат ауылында, Әуезов көшесі, 38;
Успен ауданы, Успен ауылында, Милевский көшесі, 65;
Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында, Чайко көшесі, 39.